
Бастама Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін қоғамда орнықтыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.
Жоба аясында қоғамдық көліктерде жолаушыларға жол үстінде кітап оқуға мүмкіндік жасалуда. Алғашқы кезеңде №2 және №5 бағыттардағы 10 автобус арнайы іріктелген кітаптармен жабдықталып, шағын оқу аймақтары ұйымдастырылды.
Бастама тұрғындардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, білімге құштар қоғам қалыптастыруды көздейді.