Оралда өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді

Оралда өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді

2020 жылдың 9 айы ішінде Орал қаласы аумағында 290 өрт орын алып, оның 64-і тұрғын-үй секторына тиісті боп келеді.
Өртте екі адам қаза тауып, бесеуі түрлі дәрежеде жарақат алды.
Адамдардың өртте қаза болуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ қала аумағында тұрғын-үй секторында өрт жағдайын тұрақтандыру үшін Орал қалалық ТЖБ қызметкерлері өрт қауіпсіздігі айлығын өткізді.
Алдын-алу жұмыстарында негізгі күш әлеуметтік қорғалмаған топтарға жұмсалды. Бірінші кезекте жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектерге барған болатын. Рейд барысында инспекторлық құраммен тұрғын үйлердің подъездерін, үй маңының өту жолдарының жай-күйін, жылыту пештері қаралып, электрқондырғылары мен газ құрылғылары тексерілді. ТЖ қызметкерлері өрт сөндіру қызметін қалай шақыру керектігін түсіндіріп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша жадынамалар табыстады.
Сонымен қоса қызметкерлердің назары тұрмысы нашар отбасыға аударылды. Көбінесе мұндай адамдар ішімдікке үйір болатындықтан, балалары қараусыз қалады. Сондықтан осындай әлеуметтік-осал отбасыларда өрт орын алу ықтималдығы өте жоғары. Басқарма мамандары ата-аналармен алдын-алу түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар үлестірді.
Тұрғын-үйге қатысты барлық жұмыстар өрттің орын алуын болдырмау, адам өліміне жол бермеу боп табылады, себебі еліміздің құндылығы – ол адам мен оның өмірі болып табылады.