Құрметті оралдықтар! Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті оралдықтар!  Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Рождество – адамдарды жақсылыққа жетелейтін, жүректерге жылу мен үміт сыйлайтын ерекше мейрам. Бұл күндері бір-бірімізге қамқор болып, татулық пен түсіністікті, мейірім мен жанашырлықты одан әрі нығайта түсеміз.

Қаламыздағы православ қауымдастығы қоғамдық келісімді сақтауға, ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге, отбасы институтын нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Бұл – тұрақтылық пен өзара сенімге негізделген орта қалыптастырудағы маңызды еңбек.

Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан қалада даму да, береке де болады. Осы жолда ортақ жауапкершілікпен еңбек етіп, қаламыздың келешегі үшін бірлесе қызмет ете береміз деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға амандық, әр шаңыраққа құт-береке тілеймін.