Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

Сіздерді енді аз ғана уақыттан соң төрімізге енетін Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Өтіп бара жатқан жыл туған қаламыз үшін маңызды кезеңге айналды. Осы уақыт аралығында Оралдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық тұрақтылық пен татулықтың сақталуына өз үлестеріңізді қосып, бірлік пен жауапкершілік танытқан барша оралдықтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Қаламыздың келбеті жаңарып, игі бастамалардың жүзеге асуы – ең алдымен, тұрғындардың ортақ еңбегі мен елге деген жанашыр көзқарасының нәтижесі.

Жаңа жылда Орал қаласы одан әрі өркендеп, алға қойылған жоспарлар жүйелі түрде жүзеге ассын. Әрбір бастама ел игілігіне қызмет етіп, әр отбасының тұрмысы жақсара берсін. Ынтымағымыз нығайып, бірлігіміз бекем болғай. Баршаңызға амандық, құт-береке және жарқын болашақ тілеймін.

Жаңа жыл құтты болсын, қадірлі оралдықтар!