
Құрметті қала тұрғындары!
2025 жылдың 31 желтоқсан күні сағат 14:00-ден бастап 1 қаңтар күні сағат 17:00-ге дейін Тұңғыш Президент алаңында өтетін Жаңа жылдық іс-шараға дайындық және өткізілуіне байланысты Қазыбек би көшесі Әбілқайыр хан даңғылынан Әйтеке би көшесіне дейінгі аралығы уақытша жабылады.
Жол қозғалысына түсіністікпен қарап, алдын ала қозғалыс бағытыңызды жоспарлауыңызды сұраймыз.