Қоғамдық қабылдау және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Қоғамдық қабылдау және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

10 желтоқсан күні сағат 10:00–12:00 аралығында
М. Ықсанов көшесі 46/1 мекенжайында орналасқан «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қоғам белсенділерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шара барысында келушілерді төмендегі бөлімдердің мамандары қабылдайды:
• тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі;
• жер қатынастары бөлімі;
• сәулет және қала құрылысы бөлімі;
• жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Сонымен қатар қоғамдық қабылдауды келесі мамандар жүргізеді:
• Бауыржан Ибрашев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары;
• Айымгүл Нұрмұханбетова – Орал қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы;
• Ерген Бекарыстанов – «БҚО мүгедектері ерікті қоғамы» ҚБ төрағасының орынбасары.