19 қараша күні БҚО аумағында бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді

19 қараша күні БҚО аумағында бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді

19 қарашада, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы БҚО ТЖД және қала/аудан әкімдіктерімен бірлесіп, облыс бойынша қауіпсіздікке бағытталған рейдтік іс-шараларды іске асырды.

Рейд барысында:
• тұрғындарға табиғи газды дұрыс және қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді;
• тұрмыстық газ жабдықтарының техникалық жағдайы тексерілді;
• газбен қамту қызметтеріне байланысты кеңестер берілді;
• апаттық жағдайлардың және газдан улану оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты — қысқы маусымда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және газ жабдықтарын пайдалану кезінде тәртіпті күшейту.

QAZAQGAZ AIMAQ тарапынан рейд толық ұйымдастырылып, мамандар, әдістемелік материалдар және ақпараттық топтар жұмылдырылды.