
Орал қаласы әкімінің өкімімен Губаев Бекболат Максимұлы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Губаев Бекболат Максимұлы 1989 жылғы 10 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мемлекеттік Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжін «автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын БҚО «Батыс РИК-Ойл» ЖШС бақылаушысы ретінде бастаған.
Әр жылдары:
• БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында жастар тәжірибесі маманы.
• Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің статисті.
• БҚО «Газ-С» ЖШС шебері.
• Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы.
• Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.
• БҚО әкімі аппаратының әлеуметтік–экономикалық даму бөлімінің бас инспекторы.
Күні бүгінге дейін Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Үйленген, отбасында 2 бала тәрбиелеп отыр.