Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Ағымдағы жылдың 31 қазан күні, Батыс Қазақстан облысының терроризмге қарсы күрес жедел штабының ұйымдастыруымен Орал қаласындағы «Халық шығармашылығы орталығы» МКҚК, ҚР ІІМ ҚАЖК «№170/3 түзету мекемесі» РММ, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ және Бәйтерек ауданының Чувашинское ауылы аумақтарында жоспарлы түрде терроризмге қарсы оқу жаттығулар өткізілетін болады.

Сагат 14:00-ден 18:00-ге дейін аталған аумақтарда автокөлік пен жаяу жүргіншілерге кысқа уақытқа шектеулер енгізілуі мүмкін.

Осыған орай, азаматтарды өткізілетін оқу жаттығуға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтап, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындап және жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырамыз.

БҚО ЖШ БАҚ-пен өзара іс-қимыл тобы