Қала бойынша "Мейірбандық күндері"Қайырымдылық айлығы жалғасын табуда

Қала бойынша "Мейірбандық күндері"Қайырымдылық айлығы жалғасын табуда

Қала бойынша "Мейірбандық күндері"Қайырымдылық айлығы жалғасын табуда.Мерекеде санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шаралары сақтала отырып,бүгін 14 қазан күні өткен "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы"КММ-і ұйымдастыруымен Строитель шағын ауданы спорт алаңында таза ауада үйде әлеуметтік қызмет алушыларға концерттік бағдарлама өтті.Шараға арнайы келген Жастар Мәдениет Үйінің әртістері қызмет алушыларға өз өнерлерін көрсетті,Қызмет алушылар аса ризашылықпен жан тебірентер әндерді тыңдап, үлкен әсер алды. Мерекеге Орал нан наубайханасы демеушілік көрсетіп, өз өнімдерінен тәттілер ұсынды.Қызмет алушылар атынан сөз алған Ахмет Маржан Нағымқызы ұйымдастырушыларға алғысын білдірсе, мекеме ұжымы "Орал Нан" наубайханасы ұжымына еңбектеріне толағай табыстар тіледі,шара соңында қызмет алушылар көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.