Бүгін «Отбасы» орталығында «Өнер тамған он саусақ-үзілмейтін ырысың» атты көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін «Отбасы» орталығында «Өнер тамған он саусақ-үзілмейтін ырысың» атты көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін «Отбасы» орталығында «Өнер тамған он саусақ-үзілмейтін ырысың» атты көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды. Аталған жәрмеңкені «Құрақ көрпе» тігін курсына қатысушы аналарымыз өз өнерлерін көрсету мақсатында ұйымдастырып отыр. Жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы" КММ директоры Т.Жүніс шеберлік сабақты жүргізген «Жарқынай» дизайн студиясының директоры Ж. Еселбаеваға рахметін айтып, алғыс хатпен марапаттады.
Сонымен қатар аталған шараға кондитерлік шеберлік сабағына қатысқан аналарымыз да өз қолдарымен пісірген кондитерлік өнімдерін жәрмеңкеге шығарып отыр. Шара соңында бітіруші аналарымызға сертификаттар табыс етілді.