
Жол жабындысына жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2025 жылғы 24 қазан күні сағат 21:00-ден 26 қазан сағат 00:00-ге дейін Пугачев көшесінің Назарбаев даңғылынан Исатай-Махамбет көшесіне дейінгі бөлігі барлық көлік түрлері үшін уақытша жабылады.
Көлік жүргізушілерінен қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.