
Бүгін Орал қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі №1005 Жарлығы негізінде көпбалалы аналарды марапаттау салтанаты өтті.
• «Алтын алқа» иегері – 4 ана
• «Күміс алқа» иегері – 13 ана
Барлығы 17 ардақты ана мемлекеттік наградамен марапатталды.
Марапаттарды Орал қаласы әкімінің орынбасары Аслан Тапишев салтанатты түрде табыстап, көпбалалы аналарға жылы лебізін білдірді.
Шара барысында өнерпаздар әсем әннен шашу шашып, аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.