Орал қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің мерекелік жәрмеңкесі өтеді!

Орал қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің мерекелік жәрмеңкесі өтеді!

Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

Ұлттық мереке – Республика күніне орай Орал қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің мерекелік жәрмеңкесі өтетінін хабарлаймыз!

Жәрмеңке сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін төмендегі мекенжайларда ұйымдастырылады:

25 қазан күні
• М. Ықсанов көшесі бойында

26 қазан күні
• Зашаған кенті, Жәңгір хан көшесі, 52Б, «Жәңгір хан» сауда үйі алаңында

Қала тұрғындарын, кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді белсенді қатысуға шақырамыз!