Хабарландыру

Хабарландыру

«Орал қаласында “ТМ-2 жылу магистралін ЖЭО коллекторынан ТК-10 құдығына дейін (Сити Центр СОО ауданы) реконструкциялау” жобасы аясында Жымпиты көшесі мен А. Черекаев көшесінің қиылысында орналасқан жылу трассасының №7 өткелінде металл конструкцияларды монтаждау жұмыстары жоспарлануда.

Осыған байланысты, көрсетілген учаскеде 2025 жылғы 7 қазан сағат 08:00-ден 8 қазан сағат 20:00-ге дейін автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Қала тұрғындары мен автокөлік жүргізушілерінен түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.