2025–2026 жж. жылыту маусымының басталуы туралы ақпарат

2025–2026 жж. жылыту маусымының басталуы туралы ақпарат

«Жайықжылуқуат» АҚ Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі №2259 қаулысына және «Жайықжылуқуат» АҚ-ның 2025 жылғы 2 қазандағы №558 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 7 қазаннан бастап жылыту маусымы кезең-кезеңімен басталады. Жылу жылыту маусымына дайындық төлқұжаты бар әлеуметтік-мәдени нысандар мен тұрғын үйлерге беріледі.