Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

       Орал қаласы әкімінің өкімімен Тұрмағамбетов Ержан Рысжанұлы Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Тұрмағамбетов Ержан Рысжанұлы 1981 жылғы 25 шiлдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Қазақ-орыс халықаралық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша тәмамдаған.
       Еңбек жолын Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының құқық мәселесі жөніндегі бас маманы болып бастаған.
Әр жылдары:
• Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бөлімдерінің меңгерушісі.
• Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы.
• Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы.
• Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары.
• Шыңғырлау ауданының әкімі.
• Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы.
• Батыс Қазақстан облысы Заң консультанттары палатасының мүшесі қызметтерін атқарды.
Күні бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы болды. Үйленген, отбасында 4 бала тәрбиелеп отыр.