Орал қаласы әкімінің өкімімен Бақтығали Ильдар Қанатұлы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Бақтығали Ильдар Қанатұлы 1998 жылғы 19 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ технология және бизнес университетін «менеджмент» (магистр) мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің бас маманы болып бастаған.
Әр жылдары:
• Орал қаласы әкімінің кеңесшісі.
• БҚО әкімі аппаратының талдау бөлімінің бас маманы.
• БҚО әкімі аппаратының талдау және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы қызметтерін атқарды.
Күні бүгінге дейін БҚО әкімінің кеңесшісі болды. Үйленген, отбасында 1 бала тәрбиелеп отыр.