Жыл сайын қыркүйек айында шаһарымызда «Қала күні» мерекесі дәстүрлі түрде аталып өтеді. Биыл да Оралда қала күніне орай бірқатар мерекелік іс-шара жоспарланған. Бұл күндері қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік концерттер, жәрмеңкелер, фестивальдар мен спорттық іс-шараларды тамашалай алады.
11 қыркүйек күні сағат 19:30-да «Атамекен» өнер ордасында ақын Дәурен Шамуратовтың шығармашылық кеші;
12 қыркүйек сағат 18:00-де ҚР Тұңғыш Президенті алаңында жастардың «Oral Jastary» фестивалі;
12 қыркүйек сағат 19:30-да Жұбан саябағында «Түнгі кітапхана» атты әдеби-поэзия кеші өтеді.
Қала күнінің ең ауқымды шараларының бірі – 14 қыркүйек күні сағат 10:00-де Ақжайық шағын ауданындағы атшабар алаңында өтетін «Жайық жүйрігі-2025» атты бәйге түрлерінен Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты.
Мәдени бағыттағы ірі шаралардың қатарында:
•16 қыркүйек сағат 20:00-де Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында «Әуенге толы Ақжайық түні» атты классикалық музыка кеші;
•18 қыркүйек сағат 11:00-де Жастар мәдениет сарайында «Тартынбай сөйлер асылмын» облыстық оқушылар айтысы;
•18 қыркүйек сағат 20:00-де Абай алаңында «Әсем өлкем – Ақжайық» атты жергілікті ақын, композиторлардың шығармаларынан ән-фестиваль
19 қыркүйек күні бірқатар маңызды шаралар жоспарланған:
•сағат 09:00-де «Салтанат сарайы» маңында «Анаға тағзым» кіші сәулет формасының ашылуы;
•сағат 10:00-де Жастар мәдениет сарайында «Еңбегі жанған арулар» атты іскер әйелдер форумы, сондай-ақ Арбатта «Сапалы өнім» жергілікті тауар өндірушілер көрмесі;
•сағат 11:00-де «Орал» спорт кешенінде дәстүрлі «Достық-Дружба» волейбол турнирі;
•сағат 16:00-де ҚР Тұңғыш Президенті алаңында «ORAL CUP» арқан тартыстан қалалық чемпионат;
•сағат 20:00-де Мәдениет және демалыс саябағында «Тарихқа тұнған саябақ» атты мерекелік гала концерт.
20 қыркүйек күні қала тұрғындары үшін аса маңызды шаралар өтеді:
•Жайық өзені жағалауында жаңа сквердің ашылуы, сондай-ақ қаланың әр ауданында жаңа демалыс орындарының ашылуы;
•сағат 20:00-де Тұңғыш Президент алаңында «Туған қалам – Орал» атты гала концерт өтеді.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, баршаңызды «Қала күні» мерекесін бірге тойлауға шақырамыз.