Орал қаласы әкімдігінде қала әкімі М.Байменовтің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған қалалық бірлескен комиссияның отырысы өтті.
Кеңесте қала аумағындағы құқық бұзушылық профилактикасының жай-күйі қаралып, маңызды мәселелер талқыланды.
Баяндамалар жасалды:
• Орал қалалық басқарма бастығының орынбасары Ж.Т. Иманалиев;
• Қала тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Б. Нұрмақов;
• БҚО білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы А.З. Қайржанова;
• Қала жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Н. Каримов.
Сонымен қатар, отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
• 2025 жылдың 8 айы бойынша құқық бұзушылық жағдайлары – қоғамдық орындарда, көшелерде, отбасы-тұрмыстық салада, кәмелетке толмағандар мен бұрын сотталған тұлғалардың қатысуымен жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар талданды.
• Мас күйдегі тұлғалармен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары ұсынылды.
• Интернет ресурстары арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының алдын алу шаралары қаралды.
• Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен оларға қарсы жасалатын қылмыстардың жай-күйі және қабылданған шаралар баяндалды.
• Құқық бұзушылық жай-күйі және әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат берілді.
• Ойын алаңдарын жарықтандыру, бейнебақылау орнату және абаттандыру жұмыстары арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Қала әкімі М.Байменов құқық бұзушылықтың алдын алуда барлық жауапты органдардың бірлесіп жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.
Қауіпсіз қала – барлығымыздың ортақ жауапкершілігіміз!