Қалалық мәдениет және демалыс саябағында саябақтың 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған іс-шара өтті.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағында саябақтың 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған іс-шара өтті.

Қала күні аясында өткізіліп отырған шараға Орал қаласы әкімінің орынбасарлары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов, Мирас Мүлкәй Рүстемұлы, шақырулы қонақтар қатысты. Шара барысында Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов құттықтау сөз сөйлеп, жиналғанды мерекемен құттықтады. 180 жылдық тарихы бар емен ағашына орнатылған естелік тақтайшаның ашылу рәсімі өткізілді. Аталған тақтайшаны ашу құрметі экология саласының ардагері Нариман Сүлейменұлы Утешовқа берілді.

Мерейтойлық іс-шараны қалалық скрипкашылар ансамблінің әуезді шығармашылары әрледі. Қаламызға белгілі фотограф, эколог Михаил Шпигельманның фотокөрмесі жасақталып, көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Батыс Қазақстан экологиялық - географиялық қоғамы мен Қалалық мәдениет және демалыс саябағы арасында одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталмыш меморандум аясында Дархан Сүндетқалиұлы Сариев қалалық мәдениет және демалыс саябағының директоры Жасұлан Нұрлыбекұлы Сакеновқа дендрологиялық паспортты табыстады.

Кейін саябақтың өркендеуіне үлес қосқан үздік қызметкерлер мен жұмыс тобының белсенді мүшелеріне Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов қала әкімінің атынан арнайы алғыс хат табыстады.

Шара соңында қатысушылар ашық аспан астында саябақ тарихы туралы түсірілген қысқаметражды фильмді тамашалады.Впервые в Уральске прошли велогонки "Jaiyq bike fest" cross-country