Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8-23 «2024-2026 жылдарға арналған Желаев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Орал қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №8-2 «2024-2026 жылдарға арналған Желаев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Орал қаласының Желаев ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 189 177 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 18 667 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 224 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі – 170 286 мың теңге;

         2) шығындар – 189 212 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

  бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

          қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

          мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  5) бюджет тапшылығы (профициті) – -35 мың теңге;

  6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 35 мың теңге:

          қарыздар түсімі – 0 теңге;

          қарыздарды өтеу – 0 теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 35 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
23 февраля 2024