2024-2026 жылдарға арналған Желаев ауылдық округінің бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес,  Орал қалалық мәслихат ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Орал қаласының Желаев ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 104 168 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 17 579 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 224 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі – 86 365 мың теңге;

         2) шығындар – 104 168 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

  бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

          қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

          мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

  6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:

          қарыздар түсімі – 0 теңге;

          қарыздарды өтеу – 0 теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2024 жылға Желаев ауылдық округінің бюджет  түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қалыптастырылады.
  2. 2024 жылға Желаев ауылдық округінің бюджетінде қалалық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемінің жалпы сомасы 86 365 мың теңге түсімдері қарастырылғаны ескерілсін.
  3. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын мен қызметтерді тауарлармен өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі белгіленген тәртіпте пайдаланылады.

5. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Дата публикации
13 декабря 2023