|
|
«Орал қаласының Желаев селолық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесі бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
Желаев селосы 2022 жылғы 15 шілде
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес, «Орал қаласының Желаев селолық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 11 шілдесі мен 2022 жылдың 13 шілдесі аралығында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090013, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Желаев селолық округі, Бірлік көшесі, 16 үй, тұрғын емес бөлме 1.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
* әкім аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
*әкім аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобымен әкім аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық актілер мен құқықтық актілер зерттелді.
Әкім аппаратының штаттық саны - 11 бірлік, нақты саны 10 бірлікті құрайды.
Мемлекеттік қызметшілер-5 бірлік;
Штаттан тыс қызметкерлер-5 бірлік, талдау кезеңінде бар бос орын -1;
Басқа мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өткізілгендер жоқ.
2022 жылдың өткен кезеңінде теріс себептер бойынша жұмыстан шығару фактілері анықталған жоқ. Тәртіптік жаза қолданылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалмайды. Барлық мемлекеттік қызметшілер лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты өзінің қызметін «Орал қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерді құру туралы» 2004 жылғы 30 желтоқсандағы №1767 қаулысы негізінде атқарады. Мекеменің міндеті: Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.
Ұйымдастыру жұмыстары және абаттандыру бөлімі.
Бөлімнің басты міндеті: Селолық округі әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Негізгі функциялары:
-Округ аумағын санитарлық таза болуын және абаттандырылуын бақылау «Батыс Қазақстан облысының елді мекен аумағын абаттандыру ережесіне» сәйкес жүргізеді.
2022 жылдың 6 айында–7 өтініш келіп түсіп, олар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік Кодексіне сәйкес уақытылы қаралып жауап берілді. Талдау барысында селолық округ әкімі аппаратында өтініштерді қарау бойынша заң бұзушылықтар жоқ екені анықталды.
Бөліммен мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
Талданып жатырған уақыт ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты мекеменің қызметкерлері туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілмеді.
Мекеме бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 1 дөңгелек үстел өткізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы түрлі суреттер мен бейнероликтер интернет парақшада үнемі жарияланып отырады. Қызметшілер семинарлар, оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау үшін іс-сапарларға барған кезде Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мен тәртібі туралы жадынамаларымен таныстырылған.
Мемлекеттік сатып алу.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтыланады және бекітіледі, өзгерістер есепті кезең ішінде енгізіледі.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен уақтылы шарттар жасалады. Мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде үлестес болу, өткізілетін мемлекеттік сатып алуға бөлімнің басшы құрамының жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының әлеуетті өнім берушілерінің қатысу фактілері анықталған жоқ. Ағымдағы кезеңде 27541234,48 теңге сомасына 33 мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді:
Баға ұсыныстарын сұрату-7, сомасы-7297171 теңге; Ашық конкурс-2, сомасы-17312799,84 теңге; өткізілген сатып алу бойынша бір көзден сатып алу-6, сомасы-260527,16 теңге; шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу-18, сомасы-2670736,48 теңге.
Мемлекеттік сатып алу материалдарын ішінара талдаумен заңнаманы бұзушылықтар анықталған жоқ.
III. Қорытынды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.
«Орал қаласының Желаев селолық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережелеріне сәйкес жұмыс жүргізілсін.
Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін түсіндіру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу жұмыс тобының мүшелері:
Ұйымдастыру жұмыстары және
абаттандыру бөлімі басшысы Н.Багискалиев
Ұйымдастыру жұмыстары және
абаттандыру бөлімі бас маманы Ж.Жақсығұл
Ұйымдастыру жұмыстары және
абаттандыру бөлімі бас маманы Л.Жұмаш