Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ТҮКШ ЖКжАЖ

Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «тұрғын үй және жекешелендіру секторы» бойынша  2022 жылдың өткен кезеңінде  атқарылған жұмыстары  жөнінде  ақпарат

 

 

Орал қаласы бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтардың саны – 22 212.

2022 жылдың қаңтар айынан шілде айына дейін тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтар саны – 308 адам.

2022 жылға 150 млн.теңге көлемінде  тұрғын үй сертификаттары  бөлінді.  Ағымдағы жылдың  ақпан айынан шілде айына дейін 23 адамға 10 987,595  млн.теңге тұрғын  үй сертификаты берілді.

 

          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылдың 01 ақпан күні тұрғын үй кезегінде есепте тұрған «Отбасы банк» «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  АҚ-ы арқылы өтініші қанағаттандырылған азаматтарға Орал қаласы, Самал көшесі, көппәтерлі 99/1-үй  қолданысқа  тапсырылды.

          Аталған үйде  бір бөлмелі- 72, екі бөлмелі-72,  3 бөлмелі -36 пәтерлер бар  Барлығы;  180 пәтер.        «Отбасы банк»  тізіміне сәйкес  180  адамға тұрғын үйдің кілттері  табысталды. 

          2022 жылдың 20 мамырында Орал қаласы, Самал көшесі, көппәтерлі 84-үй  қолданысқа  тапсырылды.

          Аталған үйде  бір бөлмелі- 24, екі бөлмелі-32,  3 бөлмелі -48 пәтерлер бар  Барлығы;  104 пәтер.  

          2022 жылдың  06 маусымында  Орал қаласы, М.Мөңкеұлы  көшесі, көппәтерлі  91/3 -үй  қолданысқа  тапсырылды.

          Аталған үйде  2- бөлмелі-36,  3 бөлмелі -36 пәтерлер бар  Барлығы;  72 пәтер.  

 

«Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ - Қаржы және мемлекеттік сатып алу секторы бойынша  2022 жылдың 1 жартыжылдығына атқарылған жұмыстары жөнінде ақпарат

 

Бөлімнің 2022 жылға бекітілген қаржылық жоспары 11 546 764,0 мың тенгені құрайды. 2022 жылдың 1 шілдесіне 5 244 685,0 мың тенге қаржы игерілуі тиіс болса, игерілгені  5 244 674,5 мың тенге, игерілу пайызы - 100,00. Бөлім бойынша тұрғын үймен қамту, коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, сумен жабдықтау, көлік тасымалы және автомобиль жолдары бойынша бағдарламалар қаржыландырылады. Осы мезгілде 722 төлем шоттары және                102 келісім-шарттар мен қосымша келісімдер дайындалып, қазынашылық органдары арқылы өткізілді. Жасалынған келісім-шарттарға байланысты қаржылар мердігерлерге уақытында аударылды. Қазынашылық органдарында келісім-шарттар, оларға жасалған қосымша келісімдер уақытында тіркелді. 

Статистикалық есептер бойынша 11 форма-негізгі қорлар жылдық есебі, 1-инвест жылдық, айлық есебі, 1 Т-еңбек тоқсандық есебі және тоқсандық салықтық есептер мерзімінде тапсырылды.

 

 

Абаттандыру секторының атқарылған жұмыстары

 

Жарықтандыру

Бүгінгі күнге дейін 14000 бірлік жарық шамды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді және 400 дана сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтары ауыстырылды.

 

 

2022 жылға жоспар:

         2021 жылы 3 көшені жарықтандыруға ЖСҚ жасақталды. Аталған жобалар кешенді сараптамадан өтуде. Жобаларды жүзеге асыру 2022 жылға жоспарлануда Олар:

  1. «БҚО, Орал қаласы Орал-Саратов тас жолынан Жәңгір хан көшесіне дейін Айтқұлова көшесін жарықтандыру».
  2. «БҚО, Орал қаласыМеловые горки бағытты жарықтандыру».
  3. «БҚО, Орал қаласы Әбілқайыр хан даңғылын жарықтандыру Депоның көпірінен Алаш көшесіне дейін».

 

Аулалар:

2021 жылы Орал қаласында 2021-2023 жылдарға арналған "аулаларды кешенді абаттандыру" бағдарламасы бойынша анықталған 29 аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жоба ауысымды. Бүгінгі таңда 22 ауланың кіреберіс жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталды, Шағын архитектуралық пішімдерді 29 аулада және жарықтандыру 29 аулада орнатылды.

Бүгінгі таңда аулаларға балалар ойын және спорт алаңдарын(тренажерлар) орнату бойынша жұмыстар 8 аулада(Абай даңғылы 51, Құрманғазы 167, 169; Абай даңғылы 71, 71/1, Айтиев көшесі 72; Щурихин көшесі 40; Молдағұлова көшесі 7; Скоробогатова көшесі 67; Исатай – Махамбет көшесі 82, 82/1; Север-Восток шағын ауданы 9; Кердері көшесі 125, 127/1, Құрманғазы көшесі 102) толығымен аяқталды, 3 ауладағы(Мұхит көшесі 80; Гагарин көшесі 41, 41/1; У.Громов көшесі 9,  Производственная көшесі 9;) алаңдарға түрлі-түсті резеңке жабынын төсеу жұмыстары жүргізілуде және 3 аулада(Попович көшесі 7, Гагарин көшесі 46/1; Жданов көшесі 46, Гагарин көшесі 36/2, 36/1, Урдинский көшесі 1/1; Строитель шағын ауданы 21, 19/1;) балалар ойын және спорт алаңдарын(тренажерлер) орнатуға орындарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Аталған 7 аулаға балалар ойын және спорт алаңдарын(тренажерлер) орнату бойынша жұмыстарды толығымен аяқтау тамыздың 15-не дейін жоспарлануда. Аталмыш аулаларды толықтай абаттандыру бойынша жұмыстар 2022 жылы аяқталатын  болады.

           Негізінен жобада кіреберіс жолдарды орнату, асфальтбетонды жабынды төсеу, борттық тастарды орнату, балалардың ойын алаңдарын орнату, спорт алаңдарын(тренажерлер) орнату, сондай-ақ кіші сәулеттік үлгілер (орындықтар және қоқыс жәшіктері түрінде) орнату сияқты жұмыстар қарастырылған.

2021 жыл  19 аулалардың аумағын абаттандыру бойынша ЖСҚ жасақталып сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның жалпы сметалық құны-1475,78млн.теңге. Жобаны жүзеге асыруға бюджеттік өтінім жолданды.

 

Тынымбақтар:

Орал қаласы бойынша 54 тынымбақтар мен алаңдар бар. Оның ішінде 35 абаттандырылған.

Орал қаласы С.Датов көшесі бойымен (Шолохов көшесінен Әбілқайыр хан даңғылына дейін), Әбілқайыр хан даңғылы бойымен(С.Датов көшесінен Циолковский көшесіне дейін) жасыл желекжолды абаттандыру абаттандыру– жұмыс жобасы жүзеге асырылуда. 2021 жылы қосымша толықтырулар енгізіліп жұмыс жобаға түзету жұмыстары жүргізілді. Түзетуден кейінгі жоба құны 723 438,108мың тг. Ағымдағы жылы аяқталу жоспарлануда.

           2021 жылы  БҚО, Орал қаласы  М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ арбатты, «Журналистов» саябағын, «Ротонда» саябағын,  Некрасов көшесіндегі саябақты, №44 ЖОББМ ауданындағы аллеяны, Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі саябақты, магазин «Урал» аумағына және Омега жол өтпелінің аумағын абаттандыру бойынша 8 нысанға ЖСҚ жасақталды, бүгінгі таңда аталған жобалар сараптамадын өткізілуде. Сараптаманың оң қорытындысын ағымдағы жылдың шілде айына жоспарлануда.

        

          «БҚО Орал қаласындағы қалалық саябақтың оң жағалауын абаттандыру 3 кезек » жұмыс жобасына түзету енгізіліп сараптамадан өтуде. Аталған жобаны жүзеге асыру ағымдағы жылға жоспарлануда.

2021 жылға арналған «Халықтық қатысу бюджеті» жобасы  аясында 2 жоба жүзеге асырылуда.

Олар:

- Островский театры аумағына амфитеатр құрылысы -29 170,000мың.тг. Жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындарға қолданысқа берілді.

-   тротуар құрылысы(Жамбыл көшесінен Гагарин көшесіне дейін, жолдың екі жағынан) -26 172,569мың.тг. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау тамыз айына жоспарлануда.

 

Көгалдандыру:

Қаланы көгалдандыру бойынша  6 жоба  жүзеге асырылуда. Олар:

2020-2022 жылдарға 4 нысан бойынша мердігер ұйым - «Жасулан Флора» ЖШС.

  1. М.Мөңкеұлы скверінде көпжылдық жасыл желектерді күтіп ұстау;

2.                         Зачаганск кентін көшелерінде көпжылдық жасыл желектерді күтіп ұстау;

  1. Тұңғыш Президент алаңындағы көпжылдық жасыл желектерді күтіп ұстау;
  2. Астана және Қадыр Мырза Әлі шағын аудандары көшелерінде көпжылдық жасыл желектерді күтіп ұстау;

 

 2022 – 2024 жж. Орал қаласындағы гүлзарларға көп жылдық және біржылдық гүлдер отырғызу бойынша мердігер ұйым - «Шымкент Жасыл қала» ЖШС. Қазіргі таңда қаланың орталық аудандарында гүлзарларға көп жылдық және біржылдық гүлдер отырғызу және күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес аумағы 28000 м2 құрайтын 44 гүлзарларды көгалдандыру, 3 автомобиль жолдарының жиегіне газон егу, 10000 м2 гүлзарлардың ескі топырағын ауыстыру және 40 гүлзарға автоматты суару жүйесін орнату.

 

Қаламыздағы ағаштардың орналасуын, жәй-күйін анықтау мақсатында және оларды сапалы егу жұмыстарын жүргізу үшін ағымдағы жылы М.Өтемісов атындағы БҚУ-мен дендрлік жоспар жасақтау үшін келісімшарт жасақталып жұмыстар жүргізілуде.

 

 

Субұрқақтар:

      Қала аумағына 12 мекенжайда 25 субұрқақ бар.

Тұңғыш президент алаңында - 11 субұрқақтар;

Абай алаңында - 2 субұрқақтар;

С. Датұлы алаңында- 1 субұрқақ;

Ж. Молдағалиев атындағы тынымбақта- 2 субұрқақтар;

М. Мәметова алаңда- 1субұрқақ;

Қонаев атындағы тынымбақта- 1 субұрқақ;

«Жайық самалы» бассейінінің маңайында- 1 субұрқақ;

А.С. Пушкин атындағы тынымбақта- 1 субұрқақ;

Чапаев алаңында- 1 субұрқақ;

 М.Лермонтов атындағы тынымбақта- 1 субұрқақ;

Жайық өзені жағалауындағы тынымбақта- 1 субұрқақ;

Чернобыльцев тынымбақта- 2 субұрқақтар орналасқан.

       

          2022-2024 жылдарға Орал қаласының субұрқақтарын күтіп ұстау және пайдалану» нысаны бойынша, қала аумағындағы субұрқақтарға 3 жылға техникалық қызмет көрсету үшін мердігер ұйым «ЗемЭнергоСервис»ЖШС. Бүгінгі таңда қала аумағындағы субұрқақтар іске қосылып оларды күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 Арық жүйесі:

              2022 жылға қолданыстағы арық жүйесін қалпына келтіру және жаңадан арық жүйесін орнату бойынша мердігер ұйым  «ЖБК Строй» ЖШС. Бүгінгі таңда Карев көшесі, Ғұмар Қараш көшесіне жалпы ұзындығы 400п.м. жаңа арық жүйесі салынды.

Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары:

              2021жылы Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары бойынша  қала аумағындағы сквер алаңдардағы жолдарды орнату, брусчаткаларды төсеу, борттық тастарды орнату,сондай-ақ кіші сәулеттік үлгілер (орындықтар және қоқыс жәшіктері түрінде) орнату қалпына келтіру сияқты  жұмыстар жүргізілді.

            

Жолаушы көлігі секторы бойынша 2022 жылғы 1 жартыжылдағындағы атқарылған жұмыстар бойынша

Жалпы ақпарат:

Қаланың жолаушылар көлігі 27 Қалалық, 10 саяжай және 6 қала маңындағы маршруттармен қамтылған, қазіргі уақытта оларда күн сайын 270 жуық бірлік техника жұмыс істейді.

 

Автобус паркін жаңарту:

2021 жылы жылы жергілікті бюджеттен жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 2 044 993 886,83 тг көлемінде қалалық тасымалдаушыларға субсидия бөлінді, берілген субсидия негізінде алғашқы жарналарын төлей отырып қалалық тасымалдаушылар 2021-2022 жыл аралығында жалпы саны 79 жаңа автобуспен қалалық қоғамдық көліктердің қозғалыс құрамын жаңартқандығын мәлімдейміз. Олар; 2021 жылы «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы «Yutong» маркалы отандық өндірістің 30 жайлы автобусын, сондай-ақ «Оралавтотранс» ЖШС компаниясы отандық құрастырылған «Некст вектор» маркалы 15 және «ЛиАЗ» маркалы  10 автобусын, «Ақжол-авто» ЖШС-і 2021 жылы  «Некст вектор» маркалы 9 автобусын алса 2022 жылы 2 жаңа автобуспен толықтырды, сонымен қатар «Батыс Дилижанс» ЖШС-і 2022 жылы 13 «Некст вектор» маркалы автобусын сатып алып қазіргі таңда қала тұрғындарын, қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету үшін желіде жүргендігін хабарлаймыз.

 

Маркасы:

«Yutong»-30 бірлік

«ЛиАЗ»  -10 бірлік

«Некст вектор» -39 бірлік

 

Тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау

 

Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 1 214 миллион теңге көлімінде субсидия бөлініп, ол тасымалдаушылар ұсынған ай сайынғы есептерге сәйкес тасымалдаушыларға төленді, яғни ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап тасымалдаушыларға әлеуметтік маңызы бар маршруттарға субсидия төлеу «Smart Qala Oral» ЖШС компаниясы ұсынған транзакцияға сәйкес жүргізілгендігін хабарлаймыз.

Сондай-ақ, облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлу үшін БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 2 685 млн.теңге сомасына тиісті бюджеттік өтінім жолданды. Ағымдағы жылдың шілде айында облыстық бюджеттен әлеуметтік маңызы бар бағыттарға 1 200 млн.теңге көлемінде субсидия бөлу жоспарлануда.

Толық субсидиялауға қатысты бұл мәселені облыс және қала әкімдігінің басшылығы пысықтап жатқанын хабарлаймыз.

 

 

Ағымдағы жағдай

 

Ағымдағы жағдай қалалық жолаушылар көлігінің жұмыс істеуін талқылау жөні бойынша, Шарттық міндеттемелердің сақталмауына байланысты Орал қаласының ТҮКШ,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) "УралТехСервис"ЖШС компаниясымен №1 және №5 шарттарды бұзу үшін сотқа талап арыз жолдады.

Аталған компания қала әкіміне №5 Шартты бұзуға жол бермеу бойынша қолдау көрсету туралы хат жолдады (қалалық маршруттар: №13,№20, саяжай маршруты: №40).

Барлық қатысушылар "УралТехСервис" ЖШС басшысы А. А. Бакланның ұсынысын қолдады.

"УралТехСеврис"ЖШС компаниясына қызмет көрсетуге №13, №20 қалалық маршруттар және №40 саяжай маршруттары (жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру туралы №5 Шарт) қалдырылып, сондай-ақ, ағымдағы жылдың маусым айының соңында "УралТехСервис" ЖШС компаниясымен жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды (№2, №30д қалалық маршруттар және №24 саяжай маршруттары) ұйымдастыру туралы №1 осы шарт бұзылды.

 

2.1) ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап №2, 30д маршруттарына және №24 саяжай маршрутына (жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру туралы №1 шарт) қызмет көрсету конкурс өткізілгенге және жеңімпаздарды анықтағанға дейін "Батыс Қазақстан автобус паркі"ЖШС-не уақытша берілгендігін хабарлаймыз.

 

 

 

 

ЖТЭЖ

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде, жолаушылар көлігі саласында жұмыстың экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында, «Avtobys» бағдарламалық өнімін пайдалана отырып жолаушылар тасымалы қызметтерінің Орал қаласында билеттеудің электрондық жүйесі енгізілуде.

Аталған электронды жүйе қазіргі уақытта барлық 27 қалалық маршруттарда орнатылған. (Көлік картасымен, банк картасымен және QR-кодпен төлеу, Каспий-QR). Үш тариф бар:

  1. Стандартты
  2. Мектеп

3.Әлеуметтік

Орал қаласында ЖТЭЖ (электрондық төлем жүйесі) неғұрлым тиімді енгізу үшін, сараланған тарифті енгізу жоспарланған болатын, онда қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде-80 теңге, ал қолма-қол төлеу кезінде ақшамен 150 теңге.

Орал қаласы әкімдігінің «Орал қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы қаулы» жобасын Орал қалалық мәслихатына келісім алу үшін, барлық алынған сараптама қортындылары жолданылып, жолданылған хат негізінде Орал қалалық маслихатымен Орал қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф мақұлданылды.          Қазіргі уақытта  Орал қаласы әкімінің қаулысы НҚА ретінде тіркеу үшін Әділет министрлігіне жіберілді, Әділет министрлігінен Орал қаласы әкімінің қаулысы НҚА, яғни мақұлданса, осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетіндігін хабарлаймыз.

Сонымен қатар жоба қабылданса, алдын ала жергілікті баспа қызметтерінде және әлеуметтік желілерде қала тұрғындарымен қонақтарын ақпараттандыр, яғни хабарлау мақсатында жарияланатындығын хабарлаймыз.

Орал қаласында ЖТЭЖ (электрондық төлем жүйесі) неғұрлым тиімді енгізу үшін, сараланған тарифті енгізу жоспарланған болатын, онда қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде-80 теңге, ал қолма-қол төлеу кезінде ақшамен 150 теңге.

Тегін жол жүру:

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

- Көзі бойынша 1 топтағы мүгедектерге;

- 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек балаларға;

- 7 жасқа дейінгі балаларға орын ұсынусыз;

- 15 жасқа дейінгі балаларға толық жол жүру құнының 50% - ын төлей отырып;

- Көру қабілеті бойынша 1 топтағы мүгедектерді алып жүрушілерге толық жол жүру құнының 50% - ын төлей отырып.

 

Аялдамалар бойынша ақпарат:

Орал қаласы бойынша бар:

76 жаңа аялдама павильоны;

140 ескі аялдама павильоны;

92 павиолон минимагазинмен;

183 аялдама павильондары жоқ.

Орал қаласының ТҮКШ,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2021 жылы 20 ашық және 4 жылы аялдама павильонын орнатты.

Жолдардыжөндеубойынша

АҚПАРАТ

 

2021 жылдан өтпелі кезеңмен 4 нысан жоспарланған:

  1. «БҚО Орал қаласы Деркөл ауылындағы ТЖЖ (2-кезек) ішкі орам жолдарының және еріген суларды әкету құрылысы (түзету 2)» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы басталған. Құрылыс-монтаж жұмыстары 3 жылға есептелген. Жалпы ұзындығы –44,288 км. Мердігер мекеме: «УральскВодСтрой» АҚ.

2021 жылы Республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 9,1 км құрайтын 5 көшеде (ул.Б.Майлина, ул.Таксай, ул.Абылай хана, ул.Саржайлау, ул.Ғ.Мүсірепова), сонымен қатар А.Өмірзақова көшесінің 350 метріне  2 қабат асфальтбетон жабынымен жол салынды.

Ағымдағы жылы А.Өмірзақова көшесінің қалған 1,15км жолын бітіру және  2,02 км болатын 20 көшеде жол салу жоспарлануда:

  1. №2 көше «Иса Байзаков»(1,4 км)
  2. №5көше «Ильяс Жансүгіров»(1,6 км)
  3. 9 көше «Карахан» (0,6 км)
  4. №14көше «Баубек Бұлқышев»(0,9 км)
  5. №17 көше «Дарын»(1,2 км)
  6. 18 көше «Ляззат Асанова» (0,5км).
  7. №21 көше «Әзілхан Нұршайықов» (0,5 км).
  8. №23 көше «Тұманбай Молдағалиев»(0,5 км)
  9. 24 көше «Ғабиден Мұстафин» (0,9 км).
  10. 26 көше «Бөкей хан» (1,3 км)
  11. 28 көше «Әміре Қашаубаев» (0,3 км).
  12. 30 көше «Шәкен Айманов» (0,7 км).
  13. 31 көше «Шара Жиенқұлова» (0,8 км)
  14. 34 көше «Рақымжан Қошқарбаев» (0,6 км).
  15. 36 көше «Қасым Қайсенов» (1,3 км).
  16. 37 көше «Хадиша Бөкеева» (1,2 км).
  17. 40 көше «Тұрар Рысқұлов» (0,8 км).
  18. 41 көше «Бердібек Соқпақбаев» (1,2 км).
  19. №27 көше «РозаБағланова»(2,5 км)
  20. №1 көше «Торайғыров»(1,4 км)

 

Қазіргі таңда мердігер мекеме №25 «Әмина Өмірзакова» көшесі бойынша толықтай 2 слой асфальтобетонтөселді;

№26 көше «Бөкей хан»(1,3 км) толықтай асфальтобетон төселді;

№24 көше «Ғабиден Мұстафин» (1,03 км)толықтай асфальтобетон төселді;

№ 1 көше «Торайғыров» көшесі бойынша 300 метр 2қабат асфальтобетон жабынын төселді;

№31 көше «Шара Жиенқұлова» (0,85 км)-толықтай 2-ші қабат асфальтобетон төсеу жұмыстарына дайындалды;

№8 көшеде жаяу жургінші жолдарын салу бойынша 3,04 км Б.Майлин көшесі бойынша жаяу жүргінші жолы салынды;

№22 көшедежаяу жургінші жолдарын салу бойынша 1,3 кмжаяу жүргінші жолы салынды;

№36 көшеде қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде;

№18 көшеде қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде;

          №28ПГС  төсеу жұмыстары жүргізілуде;

          №29 ПГСтолықтай төселді;

№5 көшеде 1600 метрге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді;

 

 

 

  1. «Орал қаласы Исатай батыр көшесінен Тюленин көшесіне дейін Ватутин көшесін күрделі жөндеу», жалпы ұзындығы – 1,4 км. Мердігер мекеме «ДорремСервис»ЖШС. Жұмыстар 2020 жылы басталды. Бүгінгі таңда жұмыстар 95% аяқталды. Жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізілуде.
  2. «Орал қаласы Теміртау көшесінен 25-ші Чапаев дивизиясы №6 дейін Чапаев дивизиясы көшесінің жолын күрделі жөндеу» Жалпы ұзындығы 692 метр. Мердігер мекеме«ДСК приоритет» ЖШС.

          Ағымдағы жылы 20 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жалғастырылуда.

  1. «Жақсы ауыл ықшам ауданының Мусагалиев және Даукара көшелерінің жолын күрделі. Жалпы ұзындығы 1208 метр. Мердігер мекеме«Ануш-Құрылыс» ЖШС.Жалпы соммасы –131,7 млн. теңге(қаражат сұратылуда).
  2. «БҚО, Орал қаласы,Әбілхайыр хан даңғылы Карбышев көшесінен С.Датова көшесіне дейінгі автомобиль жолын орташа жөндеу», мердігер мекеме «ДСК Приоритет» ЖШС. Жалпы ұзындығы 3,15км.Жобаның жалпы құны – 646,1 млн теңге (бүгінгі таңда қалалық бюджеттен 6,5 млн теңге бөлінді). Карбышев көшесінен С.Датов көшесіне дейін Әбілхайыр хан даңғылы фрезерленіп, жол жиек тастары ауыстырылды. Қазіргі таңда, Карбышев көшесінен Оракбаева көшесіне дейін асфальтобетон жабынын төсеу жұмыстары аяқталды.
  3. БҚО, Орал қаласы, Яблоневая көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін Қажымұқан көшесінің бойындағы автомобиль жолын реконструкциялау, жобаның жалпы құны– 118,6 млн. теңге;мердігер мекеме «ДСК Приоритет» ЖШС. Жалпы ұзындығы 1,33км.
  4. БҚО, Орал қаласы Деркөл кенті Литейная, Гаврилов, Первомай көшелерінің автомобиль жолын қайта құру,жобаның жалпы құны– 278,2 млн. теңге;мердігер мекеме «ДСК Приоритет» ЖШС. Жалпы ұзындығы 1,8км.
  5. БҚО, Орал қаласы Ғ.Құрманғалиев көшесінен Ашхабат көшесіне дейін Қ.Мусин көшесінің автомобиль жолын кайта құру, жобаның жалпы құны– 208,7 млн. теңге;мердігер мекеме «ДСК Приоритет» ЖШС. Жалпы ұзындығы 1,059км.
  6. БҚО Орал қаласында Самал көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін Малин көшесі бойындағы автомобиль жолын реконструкциялау, жобаның жалпы құны– 85,3 млн. теңге;мердігер мекеме «ДСК Приоритет» ЖШС. Жалпы ұзындығы 0,82км.
  7. БҚО Орал қаласында Молдавская көшесі, Арал көшесі бойындағы автомобиль жолдарын реконструкциялау, жобаның жалпы құны– 124,7 млн. теңге;мердігер мекеме «ДСК Приоритет» ЖШС. Жалпы ұзындығы 1км.
  8. БҚО,Орал қаласы Матросов көшесінен ТЖ өткеліне дейін Громов, Полевая, Казталов көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөңдеу, жобаның жалпы құны– 271,9 млн. теңгемердігер мекеме «Айдана» ЖШС. Жалпы ұзындығы 2,1км. Жаяу жүргінші жолын салу жұмыстары басталуда.

 

 

Жобалар бойынша

АҚПАРАТ

 

          Бүгінгі таңда жалпы 9 жобалық-сметалық құжаттама бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды

  • Саратов көшесін күрделі жөндеу(жобаның жалпы құны -118,04 млн. теңге);
  • Баласұғын көшесін күрделі жөндеу(жобаның жалпы құны -133,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен қаражат сұратылуда);
  • Дауылбаев және Буйрин көшелерін күрделі жөндеу(жобаның жалпы құны -137,8 млн. теңге);
  • Өзтүрік көшесін күрделі жөндеу(жобаның жалпы құны -192 млн. теңге, облыстық бюджеттен қаражат сұратылуда);
  • Сатпаев көшесін күрделі жөндеу(жобаның жалпы құны -143,1 млн. теңге);
  • Аққозы көшесін күрделі жөндеу(жобаның жалпы құны -73,3 млн. теңге);
  • Скоробогатов көшесін күрделі жөндеуобаның жалпы құны -94,8 млн. теңге);
  • Комсомольская көшесін күрделі жөндеу(жобаның жалпы құны -415,2 млн. теңге)
  • Шолохов көшесін орташа жөндеу (түзету)(жобаның жалпы құны – 4,2 млрд. теңге).

 

Сонымен қатар, жеке мекеме қаражаты есебінен«Каримуллинкөшесін (бұрыңғы Пойменная көшесі) қайта құру» жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды(1,5 км).

 

Осымен бірге, Ветелки кентіндегі жолды күрделі жөндеу(сараптамаға дейінгі құны 1,9 млрд.теңге, жалпы ұзындығы 16 км), Исатай батыр көшесінің жолын күрделі жөндеу (сараптамаға дейінгі құны 341,5 млн.теңге, жалпы ұзындығы 2,1 км), Меловые горки кентіндегі жолды күрделі жөндеу(сараптамаға дейінгі құны 418,7 млн.теңге, жалпы ұзындығы 4,3 км) бойынша сараптама орталығымен келісім-шарт жасалып, сараптамадан өткізуге құжаттар дайындалуда.

 

 

 

АҒЫМДАҒЫ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

 

          2021 жылы Орал қаласының  ТҮКШ,ЖКжАЖ бөлімі "АдалАрна" ЖШС мердігерлік ұйымымен 2021-2023 жылдары жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша келісім-шарт жасалды.

          3 жылдық шарттың жалпы сомасы 945 млн. теңгені құрайды(2021 жылға – 349,9 млн. теңге, 2022 жылға – 297,5 млн. теңге, 2023 жылға – 297,5 млн. теңге).

          Сонымен қатар, 2021 жылыдың 12 шілдесінде қосымша № 110/д - ок мемлекеттік сатып алу шарты жасалды.Жалпы сомасы 320 млн.теңгекөлемінде қосымша келісім болды (2021 жылға – 301 млн. теңге, 2022 жылға-18 млн. теңге).

          2022 жылға ағымдағы жөндеуге бөлінген жалпы сома -325 млн.теңге.

          Мердігер ұйым "АдалАрна" ЖШС 2022 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 35 бірлік техника мен 5 бригада жұмылдырылған.

          Сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін келесідей көшелерде ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді:

 

  1. Датов көшесі,
  2. Алматы көшесі,
  3. Казталов көшесі,
  4. Шолохов к-сі
  5. Назарбаев даңғылы
  6. Маметова көшесі
  7. Тайманов к-сі
  8. Гагарин к-сі
  9. Исатай-Махамбет к-сі
  10. Айтиев көшесі
  11. Мендалиев көшесі
  12. Доспанов көшесі
  13. Дауымов көшесі
  14. Қызылжар көшесі
  15. Некрасов көшесі
  16. Савичев көшесі
  17. Сарайшык көшесі
  18. Есенжанова көшесі
  19. Мухита көшесі
  20. Жымпиты көшесі
  21. Абай даңғылы
  22. Хусаинова көшесі
  23. Карева көшесі
  24. Масина көшесі
  25. Лермонтов көшесі
  26. Желаев-Орал тас жолын жасау үстінде

27.Қ.Жұмағалиев

28.Абдолов көшесі

29.Соколиная көшесі

30.Алаш көшесі

  1. Московская
  2. Абдолова

33.Алаш

34.Евразийскай

  1. Тәуелсіздік
  2. Согласия

37.Светлая

38.Алмалы

39.Курмангалиева

40.Циолковский

41.Бельгер

42.Чуриков

  1. Кердери

 

 

 

 

 

 

 

          Сонымен қатар, Бельгер көшесінде жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргінші жолы салынды («У Ивана" кафесі маңайында).Әбілхайыр хан даңғылынан «Қазақ Соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігіне дейін жаяу жүргінші жолы салынды.

          Осымен бірге, ағымдағы жылыТюленина-Чуйков(74м2), Циолковский-Миханов(85м2) аулалары учаскелерінде тротуарды жолмен қосу бойынша жұмыстарыжүргізілді.Имашев, Наурыз,Ватутина, Өркен,Еділ, Вокзальная, Үркер, Береке, Автомобилистов, Букетная, Старица-Набережная, Ореховая, Т.Масина, Жумагалиев, Өте Мусин, Медеу, Н.Тілендиев, Окжетпес, Хан Тәңірі, Ахмирова, Бутина, Е.Тоқсанов, Майданов, Бастаукөшелеріне фрезерленген материалдарды төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

          Жәңгір хан көшесі мен Брусиловский көшесінің қиылысында орналасқан медициналық колледждің алдында, аялдама павильонымен жалғасқан, жаяу жүргіншілерге арналған брусчаткадан, қауіпсіздік аралын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, көшенің екінші жағында жол төсемдерінен, бағдаршам нысандарының жанында тротуар салу жұмыстары жүргізілуде.

 

 

    ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН РЕТТЕЙТІН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ

 

 

          Жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғылар қызметі бойынша мердігер мекеме «Жайық жарығы» ЖШС-мен 2020 жылы жалпы соммасы 463,6 млн. теңгеге үш жылға келісімшарт  жасақталды (2020 ж.– 136 990 мың.теңге, 2021 ж.– 178 884 мың.теңге, 2022 ж.– 147 806 мың.теңге). Алайда, тараптардың келісімі бойынша 2022 жылы келісім шарт бұзылды.

          Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілу барысында үздіксіз жұмыс жүргізу үшін мердігер мекеме «ОралДорТрансСервис» ЖШС-мен 2 айға келісім шарт жасалды(келісім шарт құны 30 млн. теңге).

          Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесіне сай 2022-2023 жылдары аралығында ЖҚРТҚ бойынша мердігер мекеме анықталып, «Тәуекел» ЖШС мен келісім шарт жасалды.

 

          Ағымдағы жылы 138 көшеде 328 км жол таңбалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күні жұмыстар жүргізілуде және келесідей көшелер бойынша қос жолақ (осевой)таңбалау жұмыстары жүргізілді:

 

Көше атауы

Ұзындығы (км)

1

Аэропорт тас жолы (261 км.ден «Жайық»өз.көпіріне дейін) + «Жайық»өз.көпірі

14,2

2

Достық даңғылы (М.Мәметова көшесінен Е.Пугачев көшесіне дейін)

10,5

3

А.Тайманов көшесі (Ә.Молдағұлова көшесінен Х.Доспанова көшесіне дейін)

3,1

4

Х.Есенжанов көшесі («Нефтебаза» т/ж өткелінен «Шаңырақ» жол айн.дейін)

4,8

5

«Нефтебаза»теміржолөткелі

1,4

6

Самал тас жолы («Шаңырақ»жолайналымынанрезиденцияғадейін)

4,2

7

С.Дат ұлы көшесі  («Жайық»өз.көпірінен Ю.Гагарин көшесіне дейін)

2,5

8

С.Дат ұлы көшесі  (Ю.Гагарин көшесінен М.Шолохов көшесіне дейін)

4,8

9

Шаған Дамбысы (Е.Пугачев көшесінен Әзербайжан көшесіне дейін)

6,6

10

Жәңгір хан көшесі (Әзербайжан көшесінен «Жәңгір хан» жол айналмасына дейін)

2,1

11

Жәңгір хан көшесі («Жәңгір хан» жол айналмасынан С.Айтқұлов көш. дейін)

7,9

12

Исатай-Махамбет көшесі (Сарайшық көшесінен Е.Пугачев көшесіне дейін)

8,2

13

С.Даумов көшесі (С.Сейфуллин көшесінен Неусыпов көшесіне дейін)

1,3

14

С.Даумов көшесі (С.Сейфуллин көшесінен «Киров» саябағына дейін)

0,17

15

Исатай-Махамбет көшесі (Х.Доспанова көшесінен С.Сейфуллин көшесіне дейін)

2,3

16

Х.Доспанова көшесі (А.Тайманов көшесінен Исатай-Махамбет көшесіне дейін)

1,8

17

А.Құсайынов көшесі (Достық даңғылынан С.Даумов көшесіне дейін)

0,48

18

Ю.Гагарин көшесі (С.Дат ұлы көшесінен «Ет комбинаты» жол айналым. Дейін)

2,8

19

Ю.Гагарин көшесі («2-ші база» т/ж өткелінен  С.Датұлы көшесіне дейін)

5,5

20

Е.Пугачев көшесі (Исатай-Махамбет көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін)

3,5

21

Г.Жуков көшесі (т/ж бекетінен М.Мәметова көшесіне дейін)

4,4

22

Қазбек би көшесі (Әбілқайыр хан даңғылынан Московский көш. дейін)

0,9

23

Әйтеке би көшесі (Қызылжар көшесінен Қазбек би көшесіне дейін)

1,2

24

Әбілқайыр хан даңғылы (С.Датұлы көшесінен Қызылжар көшесіне дейің)

6,4

25

Құрманғазы көшесі (Е.Пугачев  көшесіне т/ж бекетіне дейін)

7,5

26

Ихсанова көшесі (Рубежинская көшесінен Исатай-Махамбет көшесіне дейін)

3,1

27

Айтиева көшесі (Шевченко көшесінен Победы көшесіне дейін)

3,01

28

Победы көшесі (Айтиева көшесінен Мендалиева көшесіне дейін)

0,04

29

Мендалиева көшесі (Победы көшесінен Маметовой көшесіне дейін)

0,55

30

Н.Назарбаев даңғылы (Маметов көшесінен Абай даңғылына дейін, Досмухамедов көшесінен Пугачев көшесіне дейін)

3,45

31

Сарайшық көшесі (Дауымов көшесінен Бельгер көшесіне дейін)

2,5

32

Бельгер көшесі (Сарайшық көшесінен Абай даңғылына дейін)

1

33

Абай даңғылы (Исатай – Махамбет көшесінен 2 база ауданындағы көпірге дейін)

4,2

 

Барлығы

119,45

 

2022 жылы бүгінгі күнге дейін 249 ұйғарым жолданған болатын Орал қаласы Әкімшілік полиция бөлімімен, оның 153 ұйғарымы орындалып, 114 ұйғарымы қазіргі таңда жұмыс барысында.

Аталмыш ұйғарымдарды орындау барысында және жаңа мердігер мекеменің жұмыс барысы жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 04 шілдесінде Орал қаласы Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе жиналыс ұйымдастырылды.

              «Тәуекел» ЖШС мердігер мекемесімен жаяу жүргінші өтпелін таңбалау жұмыстары жүргізілуде: Абай, Назарбаев даңғылдары, Пугачев, Гагарин, Курмангазы, Маметоа-Жукова қиылысы, Датова, Казыбек би көшелерінің жаяу жүргінші өткелдері толықтай сырланды.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және газ-техникалық инспекция секторының жұмыстары.

 

# ҚМЖ нысандары .

  1. "Орал қаласының жер асты су тоғанында су тарту ұңғымаларын салу (бұрғылау)".

Мердігер ұйым: "ПМК-117" ЖШС-389 572 639,34 теңге.

Авторлық қадағалау: "Уралводпроект" ЖШС - 4 848 015,20 теңге.

Техникалық қадағалау: "ИҚ "Добро" ЖШС - 11 920 923,06.

6-дан 4 ұңғыма бұрғыланды. Сметалық құнның қымбаттауына байланысты жобаны түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

  1. БҚО Орал қаласындағы 19а кәріздік сорғы станциясын және КСС 19А-дан КТҚ қабылдау камерасына дейінгі су бұру желілерін ұзындығы 15 690 м реконструкциялау".

Мердігер ұйым: "Мелиоратор" ЖШС- 3 033 097 581,02 теңге.

Авторлық қадағалау: "Уралводпроект" ЖШС - 28 964 239,36 теңге.

Техникалық қадағалау: "Жаңа Консалтинг ЛТД" ЖШС - 71 441 586,22 теңге.

16 км құбырдан 16 км төселді.2022 жылға КСС құрылысы бойынша жұмыстар жоспарланған. Жобаны түзету бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

 

  1. "Саратов трассасы бойынша д1000 мм қысымды кәріз коллекторын қайта жаңарту, №6 камерадан реттеу сыйымдылығына дейін д1000 мм айналма кәріз коллекторын қайта жаңарту".

Мердігер ұйым: "АстанаИнжКомСтрой" ЖШС - 677 286 390,14 теңге.

Авторлық қадағалау: "Жоба-Дизайн" ЖШС - 1 368 255,84 теңге.

Техникалық қадағалау: "DS&V" ЖШС-7 856 180,08 теңге.

4,7 км құбырдан 4,5 км төселді.

 

  1. "БҚО Орал қаласындағы градирняны ауыстыру бөлігінде" Жайықжылуқуат"АҚ Орал ЖЭО сумен жабдықтау айналымын қайта жаңарту".

Мердігер ұйым: "West oil & gas systems" ЖШС- 2 165 879 590,56 теңге.

Авторлық қадағалау: "Павлодарэнерго" ЖШС - 17 760 212,96 теңге.

Техникалық қадағалау: "АДС Сапа" ЖШС - 43 815 743,83 теңге.

 2021 жылы мердігер ұйым дайындық жұмыстарын жүргізді. Аумақ тазартылып, қоршау орнатылды, қолданыстағы желдеткіш градирня мен айналмалы сумен жабдықтау сорғы станциясының бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа градирняға тапсырыс жасалып, трансформаторлық қосалқы станция сатып алынды.  2021 жылы 100 000 000 теңге игерілді. (ҚМЖ 95 млн, техникалық қадағалау-3 млн, автор - 2 млн).Сондай-ақ, мердігер ұйым жаңа градирняға іргетасты құю, қолданыстағы 10кВ кабель желілерін көшіру бойынша жұмыстар жүргізуде және жеткізуші құбырлар, бұрмалар, ысырмалар сатып алынды

Сметалық құнның қымбаттауына байланысты жобаны түзету бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

 

# ЖСҚ әзірлеу.

№1 нысан. "БҚО, Орал қаласы Камен топтық су құбырының магистральды су тартқышын және бас су тартқышын қайта құру"нысаны бойынша ЖСҚ әзірлеу. Осы жоба бойынша 1,2 кезең әзірленді. МЭ порталына жүктеудің болжамды уақыты-2022 жылдың тамыз айы.

№2 нысан. "БҚО, Орал қ. Орал жер асты су кен орнын қайта жаңарту" нысаны бойынша сараптама жүргізумен ЖСҚ әзірлеу. конкурстық рәсімдер аяқталды. Жобалаушы "Павлодарэнергопроект"ЖШС

№3 нысан.  "БҚО, Орал қ., Д300 мм-ден Д500 мм-ге дейін сорғы жабдығы мен су тартқыштың қуатын ұлғайта отырып, ПНС-20 Қайта жаңарту"нысаны бойынша ЖСҚ әзірлеу". конкурстық рәсімдер аяқталды. Жобалаушы "Уралводпроект"ЖШС

№4 нысан. "Объект бойынша сараптама жүргізумен ЖСҚ әзірлеу" жерасты су құбырын көтерудің V сорғы станциясынан ш / а су құбыры камерасына дейін Д100 мм су құбырларын қайта жаңарту.С-Восток және камерадан солтүстік-шығысқа дейін, БҚО, Орал қаласы". конкурстық рәсімдер аяқталды. Жобалаушы "Қазақ сантех проект" ЖШС

 

# Басқалар.

  1. ЖАО теңгеріміндегі сумен жабдықтау және су бұру желілерінің пайдалануға жарамды жай-күйін ұстау бойынша "Батыс Су Арнасы"ЖШС-мен бір көзден шарт жасалды. 2022 жылға бөлінген сома 250 млн. теңгені құрайды.

КСС-18а уақытша айдау станциясын жайластыру үшін 148 885,446 мың теңге бөлінді. №53/д-ок 2022-06-21 тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес жабдықтарды жеткізуге "НСК "МВМ CONSTRUCTION"ЖШС-мен шарт жасалды. Жеткізу мерзімі 90 күн

  1. Жайық өзенінде су жинау жүзбелі станциясын жайластыру және резервуарлар сатып алу. 412 127,0 мың теңге бөлінді. Конкурстық рәсімдер жарияланды. Әлеуетті өнім берушіні айқындаудың болжамды уақыты-2022 жылғы шілде айы.
  2. "ЗКРЭК" ЖШС (АГП) үшін техника сатып алу. 54 900 мың теңге қаржы бөлінді. Конкурстық рәсімдер жарияланды. Әлеуетті өнім берушіні айқындаудың болжамды уақыты-2022 жылғы тамыз-қыркүйек айы.
  3. "БҚО Орал қаласындағы №5 ш / а, №3 үй, 5 кіреберіс мекенжайындағы тұрғын үйді ағымдағы жөндеу". Әлеуетті өнім беруші "МухтарСтройсервис" ЖШС 1,5 млн.теңге сомасына анықталды. ҚМЖ аяқталды.

#ПИК / МИБ / ЖС

 

Қазіргі уақытта Орал қаласы бойынша 1248 үй бар. Басқарудың жаңа нысандарына (КПТҮ / КІБ) өтуге жататын үйлер саны -1126 КПТҮ, КПТҮ/КІБ-122 құруға жатпайды. 70 үйде мүліктік меншік иелерінің бірлестігі, 795 үйде-жай серіктестік құрылды, қалған 204 үйге 104 пәтер иелерінің кооперативтері және көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін компаниялар қызмет көрсетеді.Сонымен қатар, басқару нысандары жоқ (иесіз) 57 үй бар.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Орал қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшері бекітілмегенін хабарлаймыз. Барлық қажетті тексерулерден, талқылаулардан өткеннен кейін Орал қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшері мәслихаттың бекітуіне ұсынылатын болады. ЖАО есебіне сәйкес 1 шаршы метр үшін шығыстардың ең аз мөлшері 75 теңгені құрайды. 2022 жылға арналған Орал қаласының кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшері Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес әзірленді.

 

# КПТҮ техникалық паспорттарын дайындау .

 

Қазіргі уақытта қалада 1248 КПТҮ бар. Олардың ішінде 847 кондоминиум нысаны мемлекеттік тіркеуден өтті.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-3-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін жұмыс істеп тұрған көп пәтерлі тұрғын үйлердің құжаттарын қалыптастыруды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты, 2022 жылы шамамен құны 34 997,0 мың теңге болатын Орал қаласының Кондоминиум объектілеріне 103 техникалық паспорт дайындау жоспарлануда. оны "Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ БҚО бойынша филиалы ұсынды.

 

 

 

 

Документы
Баспасөз-хабарлама
12 декабря 2023
Орал қаласының әкімдігі
Орал қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы жобасына баспасөз хабарлама
Шешім
17 июля 2023
"Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" Мемлекеттік Мекемесі
Орал қаласы әкімі аппаратының конкурстық комиссияның ШЕШІМІ
Хаттама
04 апреля 2023
«Укрепительные работы берега реки Урал протяженностью 286 м. в черте г.Уральска от ул. Шамсутдинова до пристани», өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі
Новости
Полезные материалы
ТҮКШ ЖКжАЖ
Орал қаласының 2022 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы
Медиагалерея
5
Қала көшелерін қардан тазарту бойынша тәулік бойы жұмыс жүріп жатыр
2
«Жайық Таза Қала» коммуналдық мекемесінің қызметкерлері қала көшелерін және жаяу жүргіншілер жолын мұздан тазарту жұмыстарын жүргізуде
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" Мемлекеттік Мекемесі
Часто задаваемые вопросы
Тұрғын үй алу үшін кезекке қалай тұруға болады?

Ол үшін сізге Орал қаласының ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі, тұрғын үй секторына,Аманжолов к-сі, 69/1 мекенжайы бойынша жүгінуіңіз қажет.

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы