Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Б.Х. Нарымбетов, Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының, денсаулық сақтау басқармасының, Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің, сондай-ақ Ұлттық ұланның өкілдері қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары мен міндеттері айқындалды.