Аудан (қала)әкімдіктерінің мамандарымен нұсқау-әдістемелік сабақ

Аудан (қала)әкімдіктерінің мамандарымен нұсқау-әдістемелік сабақ

     Ағымдағы жылғы 12-13 ақпанда Басқарма жұмылдыру дайындығына, аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелеріне жауапты аудандар мен қала әкімдіктерінің мамандарына арналған нұсқаулық-әдістемелік сабақ өткізді.

     Іс-шара барысында нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс салалары бойынша дәрістер оқылды.

     Практикалық көмек көрсету мақсатында Петропавл қаласында жеке құрамды қабылдау пункті (ЖҚҚП) мен техниканы қабылдау пункті (ТҚП) өрістетілді. Онда қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, қажетті құжаттамалар үлгісі таныстырылды.

     Сонымен қатар, қатысушылар Пёстрое көліндегі СҚО ТЖД әмбебап құтқару бөлімшесіне барды. Танысу барысында құтқарушылардың техникалық жабдықталуы мен қызметі көрсетілді. Сондай-ақ, өрт сөндіру бөлімі мен СҚО ТЖД мұражайына экскурсия ұйымдастырылып, мамандар қызмет тарихымен және өрт сөндіру техникасымен танысты.

     Оқу жиынының қорытындысы бойынша өткен тақырыптарды меңгеру деңгейін анықтау үшін мамандардан тест алынды.