
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің мамандары және мемлекеттік қызмет ардагері Б. Әбілев жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлерімен семинар өткізді. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясат туралы айтылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары түсіндірілді, сондай-ақ парасаттылық мәдениетін қалыптастыру шаралары мен мемлекеттік қызметшілер қызметінің ашықтық принциптеріне баса назар аударылды. Іс-шараға қатысушылар көкейкесті сауалдарын қойып, күнделікті жұмыста туындайтын практикалық жағдайларды талқылады. Мұндай кездесулерді өткізу құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға ықпал етеді.