
Макинск қаласында «Көктем-2026» РКШО өтті. Сценарийге сәйкес бөгеттің бұзылуы, халықты құлақтандыру және эвакуациялау, бөгетті нығайту, сондай-ақ Казавиаспас қатысуымен құтқару жұмыстары пысықталды.
Оқу-жаттығуға шамамен 200 адам және 51 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқу-жаттығулар қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға және олардың су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларға дайындығын бағалауға мүмкіндік берді.