
Қазгидромет деректеріне сәйкес, аудан орташа қауіп аймағына жатады. Негізгі факторлар — топырақтың қату тереңдігінің жоғары болуы және жауын-шашын мөлшерінің нормадан артуы, бұл қар қорының айтарлықтай жиналғанын көрсетеді.
Ауданның дайындығы қаралды: қар шығару жұмыстары белсенді жүргізілуде, техника мен еріген суды сору құралдары дайындалған. Сонымен қатар, самосвалдар санының жеткіліксіздігі атап өтілді.
Негізгі қауіп Шағалалы (Чаглинка) өзені мен бірқатар су қоймалары тарапынан туындауда. Су басу қаупі сақталып отыр, тасқынның шарықтау шегі сәуір айының басында күтіледі.
Аудан әкімдігіне еріген суларды бұру шараларын күшейту, қар шығару жұмыстарын жалғастыру және елді мекендердің дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.