
Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары Халел Әди Ахмарұлы «24kz» телеарнасына облыстың су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы сұхбат берді.
2025 жылы облыста су тасқынының алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді: өзен арналары тазартылып, 17 гидротехникалық нысан қайта қалпына келтірілді, жолдар мен 325 су өткізу құбыры жаңартылды, сондай-ақ Атбасар бағытында жаңа көпір пайдалануға берілді. 97 отбасы қауіпсіз аймаққа көшірілді.
2026 жылғы қысқы кезеңде қар шығару және өзендердегі мұзды жару жұмыстарына бөлінген қаржы көлемі ұлғайтылды. Қазіргі уақытта облыс су тасқыны маусымына толық дайын.