
Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы республикалық комиссиямен бірлесіп, мемлекеттік инспектордың төрағалығымен және министрліктер өкілдерінің қатысуымен Ақмола облысының қалалары мен аудандарының 2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығының деңгейіне кешенді тексеру жүргізуде.
Осы жұмыс аясында Целиноград, Аршалы, Астрахан, Бұланды, Бурабай, Сандықтау, Атбасар және Жақсы аудандарында тиісті тексеру шаралары өткізілді. Тексеру барысында су тасқыны қаупінің алдын алу шаралары, қорғаныс құрылыстарының жағдайы, техникалық құралдардың дайындығы және жауапты қызметтердің өзара іс-қимылы бағаланды.