
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Балпан Мұрат Сағатовичтің төрағалығымен Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Отырыс барысында Ақмола облысының 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы, сондай-ақ бұрын жоспарланған іс-шаралардың орындалу барысы қаралды. Сонымен қатар су тасқыны жағдайын модельдеу мәселесі талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудан және қала әкімдіктеріне, сондай-ақ мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.