Іс-шараға басқарма басшылары мен әлеуметтік сала өкілдері қатысты.
Кездесуде өңір басшысы қоғамдық қордың өңір халқына көрсетіп отырған нақты көмектеріне алғысын білдірді. Өз кезегіде қоғамдық қор төрайымы қолға алынатын жобалар мен мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асырылатын істерге тоқталды.
Кездесу барысында облыс тарапынан денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, спорт және әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту салалары бойынша әлеуметтік маңызы бар 11 жоба ұсынылды.
Жиында аталған бағыттар бойынша жобалар кеңінен талқыланып, тиісті басқарма басшылары өз салалары бойынша нақты ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу соңында облыс әкімі ұсынылған жобалардың өңіріміз үшін маңыздылығын атап өтіп, «Қазақстан халқына» қорынан қолдау күтетінін жеткізді. Сондай-ақ өңір басшысы жауапты орынбасарларына қажетті құжаттарды әзірлеп, қорға жолдауды тапсырды.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар алдағы әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін білдіріп, әлеуметтік жобаларды бірлесіп жүзеге асыру бағытында нақты қадамдар жасалатынын жеткізді.