ҚР Премьер-Министрі қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтып, үкіметтік комиссияның есебін тыңдады

ҚР Премьер-Министрі қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтып, үкіметтік комиссияның есебін тыңдады
«Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.
Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі.
 
Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың есебі тыңдалды.
 
«Оқиғанының мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек. Қанат Алдабергенұлы, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы үнемі баяндап отырыңыз», — деп атап өтті Премьер-министр.