11-15 ақпан күндері Астана қаласында өткен фестивальдің ашылуына Ұлытау облысындағы 13 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының басшылары, студенттері қатысып қайтты.
Фестивальде нақты мамандықтарға бағытталып жұмыс істеген бас аяғы сегіз «көшеде» жерлестеріміз қызықты процесстерге тікелей қатысып, өздерін кәсіби ортада сынап көрді.
Қала үлгісінде ұйымдастырылған бұл іс-шара келушілерге иммерсивті формат ұсынып, әр қонаққа интерактивті платформалар арқылы мамандықтардың ерекшеліктерін көруге және сезінуге мүмкіндік силады.
Фестиваль болашақ мамандар, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы тиімді байланыс алаңына айналды. Екі күн ішінде түрлі семинар мен шеберлік сыныптар қатысушыларға құнды тәжірибе берді.