Айдана Ерденбаева - он жылдан бері қосымша білім беру педагогі болып қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда Жаңаарқа ауданындағы «Оқушылар үйінде» жұмыс істейді.
Жерлесіміз Ұлытау облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» бірлесе қолға алған тұрғын үй бағдарламасының арқасында өз баспанасына қол жеткізген. Айдана Қайроллақызы бағдарлама үмітін ақтағанын айтады.
«Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасының жылдық мөлшерлемесі 6%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10%.
Аталған бағдарлама 2023 жылы бастау алды және оған 18 бен 35 жас аралығындағы Ұлытау облысының белгілі талаптарға сай келетін азаматтары қатыса алады.
Қадірлі жерлестер!
Тұрғын үй бағдарламасы 2025 жылы да жалғасын табады.