Арнайы рәсімде облыс әкімі Дастан Рыспеков, облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері мен Желтоқсан оқиғасының қатысушылары құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
«Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы мен күресінің жемісі, ұлттық рухымыздың биігі. Осыдан 33 жыл бұрын, 1991 жылы, халқымыздың үміті ақталып, Қазақстан өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік алды. Бұл тарихи таңдау – ұлттың ең ұлы жетістігі.
Ұлытау – ұлы бабаларымыздың рухани бесігі, қазақ мемлекеттілігінің бастау алған киелі мекені. Осындай қасиетті жерде біз Тәуелсіздігімізді ерекше қадірлеуге, оның әр сәтін бағалауға тиіспіз»,-деді өңір басшысы Дастан Рыспеков өз сөзінде.