ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ФАП ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ФАП ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт Қараағаш ауылдық округінің Ынталы ауылында бой көтерген. Бұл – жыл басынан бері Жаңаарқа ауданында беріліп отырған төртінші медициналық нысан.

Өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы ашылу салтанатында биыл облыстың ауылдары мен елдімекендері жалпы саны 11 фельдшерлік-акушерлік пункт және 12 медициналық бекетпен қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Жаңа ғимаратта заманауи ФАП талаптарына сай ЭКГ аппараты, вакцина сақтайтын тоңазытқыштар, залалсыздандыру құрылғылары және фельдшерлерге қажетті барлық жабдық бар. Бүгінде медициналық мекеме кадрлармен толыққан.