КӨРШІ ОБЛЫСҚА КӨМЕК

КӨРШІ ОБЛЫСҚА КӨМЕК

«Қазавтожол» АҚ-ның Ұлытау облысы бойынша филиалы Қостанай облысының су тасқынынан зардап шеккен жолдарын қалыпқа келтіру мақсатында техникалар жөнелтуде.

Қазіргі уақытта Амангелді кентінде филиалдың 2 жүк машинасы мен 1 тиегіш жұмыс істеуде.

Бүгін өңірге тағы 2 самосвал мен 1 тиегіш жіберіледі.

Осылайша, Қостанай облысының зардап шеккен жолдарын қалыпқа келтіру жұмыстарына Ұлытау облысының 6 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылмақ.