Сәтбаевта Садық Асатовты еске алу кеші өтті

Сәтбаевта Садық Асатовты еске алу кеші өтті

Сәтбаев қаласында Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында Садық Асатовтың 90-жылдығына орай еске алу кеші өтті.

Іс-шара гүл шоқтарын қою рәсімінен басталып, қалалық мұражайдағы көрмеде жалғасты. Мұражай қызметкерлері Садық Асатовтың өмірі мен еңбек жолына қысқаша тоқталып өтті. Келген қонақтар ары қарай концерттік залға өтіп «Өлкенің даңқты кен инженері» атты кешті тамашалады.

Яхия Асатов мұражай қызметкерлеріне Садық Асатовтың көзі тірісінде қолданған заттарын табыс етті.

Айта кетейік, іс-шараға Садық Асатовпен бірге жұмыс атқарған еңбек майталмандары, жерлестері, көршілері шәкірттері, достары, ақын-жыраулар келді.