«ULYTAU ZHASTARY» тұрғын үй бағдарламасы бойынша қосымша құжат жинау басталды

«ULYTAU ZHASTARY» тұрғын үй бағдарламасы бойынша қосымша құжат жинау басталды

Ұлытау облысында жастарға арналған «Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасына өтінімдерді қабылдау қайта басталды.

Бағдарлама қатысушыларына жылдық несие мөлшерлемесі 5%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10% болуы керек.

Ұлытау облысының жас мамандарын кредиттеуге келесі қызмет салалары қатыса алады:
Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, БАҚ (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, ЖОО қызметкерлері, әлеуметтік сала.

«Ulytau zhastary» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. Қатысушының жасы өтініш берген кезде 35 жастан (қоса алғанда) аспауға тиіс;
2. Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағы бойынша соңғы 5 жылда меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы;
3. Таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі-зейнетақы жарналарын міндетті түрде төлей отырып, кемінде үздіксіз соңғы 1 жыл;
4. Бағдарламаға қатысушы Ұлытау облысында кемінде соңғы 1 жыл үздіксіз тұрақты тіркелуінің болуы;
5. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Ең көп балл жинағандар (некеде тұрған жылдар саны, балаларының болуы, жұмыс өтілі және т.б.) қатысушының несие төлеу қабілеттілігін айқындау үшін  «Отбасы банк» АҚ-ға жіберіледі.

Бағдарламаға қатысуға өтінім беру Бейбітшілік даңғылы 26/1 мекенжайында орналасқан Жастар сарайында жүзеге асады. Өтінімдер 2023 жылдың 9-16 тамыз аралығында (жұмыс күндері) сағат 15.00-18.00 аралығында қабылданады.