Жезқазғандағы су мәселесі: Берік Әбдіғалиұлы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялау жұмысын қадағалады

Жезқазғандағы су мәселесі: Берік Әбдіғалиұлы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялау жұмысын қадағалады

Шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялау жұмыстарына байланысты Ұлытау облысының орталығында тіршілік нәрі мәселесі орын алып жатқаны белгілі. Аталған мәселенің шешімін табу мақсатында облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы жөндеу жұмыстарына тағы бір рет барды.

Жөндеу жұмыстарының қазіргі кезеңінде бір бір резервуардан екінші резервуарға ауысу үшін Жезқазғанда тіршілік нәрін сөндіруге тура келген.

1978 жылдан бері жөндеу көрмеген гидроцехте атқарылып жатқан күрделі жұмыстарға байланысты су – кіші резервуарлар арқылы жөнелтілуде, салдарынан оның қысымы уақытша төмен болады.

Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы сусыз отырған жезқазғандықтарға тіршілік нәрін кесте бойынша жеткізу жұмысын жүргізуді тапсырды.

Еске сала кетейік, аталған жобаларды іске асыру - қала тұрғындарын сумен жабдықтау сапасын жақсартуға септігін тигізеді.