Жезқазған қаласының Байқоңыров, Панфилов және Орджоникидзе көшелерінде жылу желілері жаңартылуда

Жезқазған қаласының Байқоңыров, Панфилов және Орджоникидзе көшелерінде жылу желілері жаңартылуда

Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша «А Company» ЖШС-мен «Жезқазған қаласының жылу желілеріне техникалық қызмет көрсету (1-бөлім)», «Жезқазған қаласының жылу желілеріне техникалық қызмет көрсету (2-бөлім)» объектілері бойынша шарт жасалды.

Сметалық құжаттамада 18,5 шақырым жылу желілерін орнату қарастырылған.

Суретте Байқоңыров, Панфилов және Орджоникидзе көшелерінің бойындағы жылу желілерінің учаскелері көрсетілген. Мұнда құбырдың 560 метрі ауыстырылады. Жұмыстың аяқталу мерзімі - 2023 жылдың 1 тамызы.