Бүгін Ұлытау облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауды өткізді.
Өңір басшысына барлығы оннан астам адам жүгінді. Тұрғындарды ТКШ, денсаулық сақтау, спорт, туризм және мәдениет салаларына қатысты мәселелер қызықтырды.
Б. Әбдіғалиұлының қабылдауына Яхия Асатов жазылды. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы және ҚР еңбек сіңірген энергетигі біздің өңіріміз үшін көрнекті тұлға, Жәйрем тау-кен байыту комбинатының бұрынғы бас директоры Садық Асатовтың 90 жылдық мерейтойын облыстық деңгейде атап өту туралы ұсыныс жасады. Облыс басшысы бұл мәселені қарастырып, естелік іс-шараны өткізуге қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Жалпы, облыс әкімі мен бейінді ведомстволар мен мекемелердің мамандары қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтарға түсініктеме берді.
Естеріңізге сала кетейік, Б.Әбдіғалиұлы әр бейсенбі сайын сағат 17:00-ден бастап азаматтарды қабылдайды. Алдын ала жазылу 8 (7102) 73-56-41 телефоны бойынша жүзеге асырылады.