Ұлытау облысында тұңғыш рет «Үздік ауыл әкімі» анықталды

Ұлытау облысында тұңғыш рет «Үздік ауыл әкімі» анықталды

Жыл сайын Республика бойынша ұйымдастырылатын «Үздік ауыл әкімі» конкурсының алғашқы өңірлік кезеңі тұңғыш рет Ұлытау облысында да өтті.

Атап айтқанда өңірлік кезеңге Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылының әкімі Әлімбек Бауыржан Әлімбекұлы, Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа кентінің әкімі Қуанышбеков Мейрам Наурызбайұлы және Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылдық округінің әкімі Салкебаев Саят Смағұлұлы қатысты.

Сайысқа қатысушы ауыл әкімдерінің жұмыстарын саралап, алдағы даму жобаларының негізінде конкурс жеңімпазы анықталды.

Жеңімпазды анықтау барысында ауыл әкімінің алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарын қарап қана қоймай, ауылдың, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған тың жаңашыл жобаларына да баға берілді.

Осы орайда, ұсынылған жобалардың ішінде үздік деп танылып, одан әрі ауыл берекесінің дамуына үлкен септігін тигізіп, қарқынды даму үстінде жұмыс істейді деген мақсатпен Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылдық округінің әкімі Салкебаев Саят Смағұлұлы республикалық кезеңге жолдама алды.

Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылар Департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды.
Бұл тұста ауыл әкімдерінің бастамасын қолдап, жобаларына қолдау көрсетіп отырған аудан/қала әкімдері де назардан тыс қалмайды.

Алдағы уақытта ауыл әкімдерінің жобаларын іс жүзінде жүзеге асыруға Ұлытау облысы әкімдігімен бірлесіп жұмыс жүргізілетін болады.