Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы өңір тұрғындарына мемлекеттік наградалар тапсырды

Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы өңір тұрғындарына мемлекеттік наградалар тапсырды

Б.Әбдіғалиұлы салтанатты шара барысында Ұлытау облысының тұрғындарын ұлттық мереке - Республика күнімен құттықтады.
Өңір басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Республика күніне ұлттық мейрам статусын қайтаруды Ұлытауда өткен Ұлттық Құрылтайда ұсынғанын атап өтті. Ол сондай ақ, Ұлытау облысының құрылуы өңірдің дамуына жаңа серпін беретінін айтты.
Ұлттық мерекеге орай елдің және өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан құрметті азаматтар мен облыстың азаматтары марапатталды.
Ұлытау облысының тұрғындарына мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 41 мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды.

“Құрмет" орденімен:

Сұлтан Сүтбаев, еңбек ардагері;
Нұрасила Жүсіпова,
білім саласының ардагері;
Яхия Асатов, еңбек ардагері;  Төлеген Бүкіров, еңбек ардагері;
Ғалым Мұхамедин, Т.Қалмағамбетов атындағы филармония әртісі;
Марал Мәдиева, Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңес төрағасы;
Амандық Рахұлы, журналист;
Бағдат Бекетаев, Ұлытау ауданы шаруа қожалығының басшысы.

II дәрежелі «Даңқ» орденімен:
Жарқынбек Бақашбаев,  Ұлытау облысының прокуроры.

ІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен:
Мұханбет Айтенов, еңбек ардагері.

ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен:
Жұмакелді Бердібаев, Kazakhmys Distribution" ЖШС жылу энергетикасы кәсіпорнының слесарі (Қазақмыс Дистрибьюшн);
Рестем Валимухаметов, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстіметал» ӨБ бас энергетигі;
Найл Игемберлин, Жәйрем тау-кен байыту комбинатының «Батыс» карьерінің учаске бастығы.

“Ерен еңбегі үшін" медалімен:
Бейбіт Қасенов, еңбек ардагері;
Абай Байділда, "Самға" ЖШС директоры;
Зейпін Қазанбаева, Жезді кентіндегі Мәкен Төрегелдин атындағы музей басшысы;
Мақсұт Оспанов, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары;
Замзагүл Оспанова, Қаражал қалалық мәслихат хатшысы; Рымғали Мұздыбаев, Қаражал қаласы бокстан жаттықтырушы;
Рабани Нұркеев, жеке кәсіпкер;
Любовь Орехова, Жезқазған қаласындағы №4 мектеп мұғалімі;
Қайрат Смайлов, Сәтбаев қаласындағы №16 мектеп директоры;
Виктория Ставицкая, облыстық қаржы басқармасының басшысы;
Өміржан Қартабаев, Жезқазған қаласы учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы.

“Шапағат" медалімен:

Рашид Артықбаев, Қаражал қаласы ауруханасының хирург-дәрігері;
Абзал Абжаппаров, "Ақсауыт" мүгедектер қоғамының төрағасы;
Несібелді Бексейітова, Жезқазған қаласындағы отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның басшысы;
Сәрсенбай Қотырашов, мұражай қызметкері, марафоншы;
Амангелді Төлеубаев, Жаңаарқа ауданы ауруханасының жұқпалы аурулар дәрігері.

“Бірлік» медалімен:

Алламұрат Жораев, түрікмен этномәдени орталығының төрағасы;
Светлана Григорович, Ұлытау аудандық агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция басшысы.

“Жомарт жан" төсбелгісімен:
Светлана Жумкина, бизнес және көлік колледжінің директоры

Сондай-ақ, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы танымал ақын Ғалым Жайлыбайға;

“ҚР Еңбек сіңірген қайраткері" атағы ақын-айтыскер Мұқаш Сейтқазиновке берілді.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен:
Маратбек Бакенов, "Өркен Атасу" ЖШС өкілдігінің директоры;
Нұрадден Есмағамбетов, "Сәтбаев жылумен жабдықтау кәсіпорны" ЖШС слесарі;
Асқар Ермекбайұлы, еңбек ардагері;
Дәметкен Майбасова, жеке кәсіпкер;
Нұрлан Ақышев, Жаңаарқа ауданы бойынша ауылшаруашылық және мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының төрағасы марапатталды.
Сонымен қоса, облыс тұрғындары Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.