Аппараттық кеңес барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы А. Мутаевтың мәліметіне сәйкес облыстың ауданы 18 893 661 га құрайды. Облыс бойынша ауыл шаруашылығына арналған жер 16 млн 964,682 мың га.
Сондай-ақ облыс аумағында күзгі далалық жұмыстар жүргізілуде. А.Мутаевтың мәліметінше, бүгінгі таңда 10,3 мың га арпа (99%), 48 га картоп (68%), 17,85 мың га бидай (85,8%) жиналды, 15,8 мың тонна (88,5%) бидай бастырылды. Егін жинау науқанына 45 комбайн, 56 жүк көлігі, 83 трактор және тіркемесі бар 54 трактор жұмылдырылды.
Өз кезегінде облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы облыс аудандары мен қалаларында жайылым жерлердің жетіспеу мәселесіне назар аударды. «Енді біз Қаражал қаласы мен Атасу, Жәйрем кенттерін мал жаюға арналған жермен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауымыз керек. Жердің жетіспеушілігі - әлеуметтік шиленіс пен тұрақсыздық туғызады. Сондықтан бұл жағдайды тез арада және әділ шешу қажет. Біз шаруа қожалықтарына жер телімдерін беріп, халықтың мал өсірумен айналысуына көмектесуіміз керек. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – өңірдегі басым бағыт", - деп атап өтті облыс басшысы.
Сонымен қатар, өңір басшысы астық кооперативтерін құру, көкөніс пен бидай өсіру жөнінде кешенді жоспар әзірлеу, сондай - ақ еліміздің ғылыми-зерттеу институттарының аграрлық және инновациялық әлеуетін кеңінен тарту бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды. Сонымен қатар, облыс әкімі ауыл шаруашылығына арналған игерілмеген жерлерді пайдалану және көкөніс өсіруге арналған жылыжай ашу бойынша шағын несие беру мәселелерін пысықтауды тапсырды.