Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы болып Асхат Есеев тағайындалды.
Асхат Қайыржанұлы 1984 жылы дүниеге келген.
Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін және Қарағанды экономикалық университетін электромеханик және экономика мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Ғылыми-зерттеу институтының инженері болып бастаған.
2007 жылдан бастап Көлік және коммуникация министрлігінде әр түрлі лауазымда қызмет атқарды.
2015-2025 жылдары Үкімет Аппаратында бас сарапшы, бас инспектор, өңірлік инспектор болып қызмет атқарды.
Биыл Абай облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Парламент Мәжілісінің Аппаратында бас консультант болып жұмыс істеді.