
Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
2025 жылғы 14 қараша күні сағат 11:00-де
Жезқазған қаласындағы “Хан ордасы” қонақ үйінің мәжіліс залында
«Тұтынушылар құқықтарын қорғау жолдары мен тәжірибелері» тақырыбында семинар өтеді.
Іс-шараның мақсаты — азаматтардың тұтынушылық құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру, тәжірибе алмасу және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғаудың тиімді тетіктерін түсіндіру.
Спикер:
Меруерт Үлкеева,
ҚР Сауда және интеграция министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының бас сарапшысы.
Семинарға барлық қала тұрғындары мен тұтынушылар құқықтарын қорғау саласына қызығушылық танытқан азаматтар қатыса алады.
📍 Өтетін орны: Жезқазған қаласы, “Хан ордасы” қонақ үйі, мәжіліс залы
🗓 Күні: 14 қараша 2025 жыл
🕚 Басталу уақыты: 11:00
Баршаңызды семинарға қатысуға шақырамыз!